29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
«Қазақстан» РТРК АҚ-ның тапсырысымен, «3 TA Pictures» компаниясы «Әке серті» деп аталатын телехикая түсірді. Бұл жоба қазақ-түрік мамандарының бірлесіп жасаған алғашқы көркем туындысы болып отыр. Жобаның мақсаты - бір жылда жүздеген телехикая түсіріп, біршама жетістіктерге жеткен түрік мамандарымен бірлесе жұмыс жасау арқылы отандық телеөндіріске жаңаша бір леп қосу. Рөлдерді қазақ актерлері Сағат Жылгелдиев, Гүлшарат Жұбаева, Мақсат Сәбитов, Гүлшат Тутова, Әсет Иманғалиев, Қадірбек Демесін, Болат Әбділманов т.б. сомдайды. Түрік мамандары, дәлірек айтқанда, режиссер(Вежихи Енер, сценарий авторы Нуреттин Өзел, бейнеинженер Бурак Каплан, операторлардың Шахин Карашахин, Девкан Фындык жұмысына көрермен өз бағасын бере жатар .
Актерларды тандау барысында қатып қалған қағидалар болған жоқ. Оларды тек кәсіби шеберлігіне қарап іріктеп алды.
«Әке серті» телехикаясы өзге теле туындылардан сюжет желісінің өміршендігі және көкейкестілігімен ерекшеленеді. Әке мен балалар арасындағы байланыс, жақсы мен жаман, ақ пен қара, қуаныш пен қайғы арасындағы жік пен көзге көрінбес байланыс - мәңгілік тақырып. Телехикаяға Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Әке туралы жыр» әні тандап алынды. Әнді жаңаша бағытта өндеп, әрлеген Нұрлан Қаражігітов. Ал «Әке туралы жыр» әнін орындаған С. Қаражігітова.
BAQ.kz
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек