Байділдаев Сағынтай

16 Қаңтар 2013, 10:30

Байділдаев Сағынтай 1946 жылы 15 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданындағы қазіргі Қозмолдақ ауылында туған. 1962 жылы аудан орталығындағы «Шолаққорған» орта мектебін бітірген. Сол жылы Шымкент педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1966 жылы қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1966 жылдың қыркүйек айынан 1961 жылдың шілде айына дейін А.Иманов атындағы орталау мектепте мұғалім, одан кейін 1968 жылдың шілде айына дейін аудандық «Молшылық үшін» газетінде әдеби қызметкер болған.

Байділдаев Сағынтай 1946 жылы 15 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданындағы қазіргі Қозмолдақ ауылында туған. 1962 жылы аудан орталығындағы «Шолаққорған» орта мектебін бітірген. Сол жылы Шымкент педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1966 жылы қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1966 жылдың қыркүйек айынан 1961 жылдың шілде айына дейін А.Иманов атындағы орталау мектепте мұғалім, одан кейін 1968 жылдың шілде айына дейін аудандық «Молшылық үшін» газетінде әдеби қызметкер болған. 1968 жылдың шілде айынан 1977 жылдың мамыр айының 17-не дейін аудандық комсомол комитетінде екінші және бірінші хатшы, одан 1983 жылдың шілде айына дейін Жартытөбе, Шолаққорған ауылында Кеңес атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1983 жылдың шілде айынан 1985 жылдың қазан айынан 2005 жылдың 10-шы қаңтарына дейін аудандық білім бөлімінің меңгерушісі болып қызмет жасады. 2005 жылдың 10-шы қаңтарынан осы кезге дейін аудан орталығында №14 лицей-интернатының директоры қызметін зейнеткерлікке шыққанға дейін абыроймен атқарып келеді.

Байділдаев Сағынтай көп жылдық ұстаздық және басқада салада басшы қызметін атқара жүріп, әдеби шығармашылықпенде етене айналысқан.

«Ақ желкенді алау күнім», «Түс ауғанда», «Жырлайды жүрек», «Айналайын», «Алтын күрек», «Ымырт пен үміт» атты жеке жыр жинақтарының авторы.

Сондай-ақ, бір қатар өлеңдері мен прозплық шығармалары топтамалық жинақтарға енген. Ұстаз ақынның шығармашылығна байланысты «Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері» атағы берілген. «Оңтүстік Қазақстан зиялылыары», «Оңтүстік элитасы» атты танымдық-энциклопедиялық кітапқа облыстың республикаға танымал бір топ ғалым, өнер қайраткерлері мен бірге Байділдаев Сағынтайдың шығармашылығы туралы деректер енгізілген.

Байділдаев Сағынтай көп жылғы жемісті қызметтері үшін түрлі марапаттарға иеленген. «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен қатар, ВЛКСМ Орталық Комитетінің «Құрмет», «Комсомолдағы айрықша еңбегі үшін» белгілерін алған.

Жоғары Комсомол органдарының «Құрмет грамотасымен» бірнеше рет марапатталған.

Білім саласындағы еңбегіне орай «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің озық қызметкері», «Кәсіподақтардың еңбегі сіңген қызметкері» атақтары берілген.

Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрмет грамотасының» иегері, бірнеше рет Министрліктің «Құрмет грамоталарын» алған.

Байділдаев Сағынтай басқарып отырған №14 Т.Әлімқұлов атындағы мектеп-интернат лицейі «Республикадағы ең таңдаулы 100 мектеп» қатарына енген.

Байділдаев Сағынтай 5 қыз, 2 ұл өсіріп отырған әке. Зайыбы Құлжанова Орынкүл көп жылғы ұстаздық жемісті еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің озық қызметкері» белгісімен марапатталған.

Дереккөзі: ОҚО әкімдігі

Бөлісу: