«2012 жылдың 1 желтоқсанында еліміздегі халық саны 16 млн 896,9 мың адамға жетті. Соның ішінде қалалықтар 9 млн 254,7 мың (54,8%), ауылдықтар 7 млн 542,2 мың адамды (45,2%) құрады. 2012 жылдың қаңтар-қарашасында жалпы ел бойынша халық саны 221,5 мың адамға өсті. Бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға көп», - деді Ә.Смайылов.
Оның айтуынша, республика халқы 223,0 мың адамға көбейген. Ал табиғи өсімнің жалпы коэффиценті 1000 адамға шаққанда 14,5 адамды құрады.
Диана Құлмағанбетова