Пойызда босанып, перзентханаға жеткізілді

15 Қаңтар 2013, 10:06

Қыс боранды әрі аязды болса да аяғы ауыр қазақстандық қыз-келіншектердің нәрестелі болуға деген ыстық ықыласын тоқтатар емес. Күні кеше Жамбыл облысында боран басталған күні толғақ қысқан келіншекті күйеуі дәрігерлер келгенше аман-есен босандырып алған. Ал Бейнеу ауылының тұрғыны «Атырау - Маңғыстау» бағытындағы жолаушылар пойызында босанды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-тың баспасөз қызметі хабарлады. Ай-күні жетіп отырған Оразалиева облыс орталығына жолға шыққан. Жол үстінде оны толғақ қысады. Қуанышқа орай, бұл оқиға сәтті аяқталды. Маңғыстау перронында босанған әйелді жедел медициналық жәрдем күтіп алып, жергілікті перзентханаға жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің денсаулығы жақсы. Оның салмағы - 3 келі 550 грамм, бойы - 51 сантиметр. Дүние есігін ашқан нәрестенің де, анасының да денсаулығы жақсы. Қазір Ұлттық компания келіншекті босандыруға көмектескен жолсерікті анықтап жатыр. Айқын

Қыс боранды әрі аязды болса да аяғы ауыр қазақстандық қыз-келіншектердің нәрестелі болуға деген ыстық ықыласын тоқтатар емес.

Күні кеше Жамбыл облысында боран басталған күні толғақ қысқан келіншекті күйеуі дәрігерлер келгенше аман-есен босандырып алған. Ал Бейнеу ауылының тұрғыны «Атырау - Маңғыстау» бағытындағы жолаушылар пойызында босанды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-тың баспасөз қызметі хабарлады.

Ай-күні жетіп отырған Оразалиева облыс орталығына жолға шыққан. Жол үстінде оны толғақ қысады. Қуанышқа орай, бұл оқиға сәтті аяқталды. Маңғыстау перронында босанған әйелді жедел медициналық жәрдем күтіп алып, жергілікті перзентханаға жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің денсаулығы жақсы. Оның салмағы - 3 келі 550 грамм, бойы - 51 сантиметр. Дүние есігін ашқан нәрестенің де, анасының да денсаулығы жақсы.
Қазір Ұлттық компания келіншекті босандыруға көмектескен жолсерікті анықтап жатыр.

Айқын

Бөлісу: