Серіктің өзі көп балалы болғанды қалайды екен. «Кемі бес баламыз болса екен деймін»,– депті ол «Инфо-Цес» газетіне берген сұхбатында.
Нәресте Жаңа жыл алдында, 29 желтоқсан күні дүниеге келіпті.Қазіргі күні ана мен баланың денсаулығы жақсы.
Бүгінде Серік бокс қолғабын шегеге іліп, Қазақстан бокс федерациясының әкімшілік қызметіне ауысқан. Алдағы аптада ол Қарағанды облысынан Астанаға ауысып келеді. «Енді қызмет жайын да ойлау керек»,– деді Олимпиада чемпионы.
BAQ.kz