29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары2012 жылдың соңында Үндістанның Пума қаласындағы кикбокстан өткен Азия чемпионатында ел құрамасы жеңіспен оралды. Әлемнің 19 мемлекеті қатысқан додада Семей мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері Руслан Сексенбаев 71 келі салмақта бірінші орын, Жадыра Қуанышева 52 келі салмақта үшінші орын алды. Бұл туралы агенттік тілшісіне аталмыш оқу орнының баспасөз хатшысы Анар Қуанғалиева хабарлады.
Еліміздің 20-дан астам ең үздік кикбоксшыларын Ұлттық құраманың бас бапкерi Қайрат Смағұлов бастап апарған. Әлемнің ең мықты деген былғары қолғап шеберлері жиналған чемпионатта ел құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орын алды.
«Жеңімпазымыз Руслан спорттың бұл түрімен он жасынан, ал Жадыра болса 14 жасынан айналыса бастаған. Екеуі де елімізге танымал жаттықтырушы, әлемдік деңгейдегі спортшыларды баптап шығарған Арман Байленов атты жаттықтырушыдан тәрбие алып келеді. Руслан 2010 жылы Сербия елінің Белгород қаласында өткен әлем чемпионатында вице-чемпион, Азия чемпионы атағына ие болған дарынды спортшы. Жадыра 2009 жылғы Тайландта өткен Азия ойындарында кикбокстан қола медаль иегері. Жадыра сондай-ақ, елімізде енді дамып келе жатқан қыздар арасындағы бокспен де айналысады», - деп хабарлады Анар Қуанғалиева.
Кенжекей Тоқтамұрат
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек