7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Балалар туған тілін анасының жатырында жатқанда-ақ меңгереді екен. Бұл туралы Acta Paediatrica журналына сілтеме жасап zdrav.kz хабарлайды.
Бойға біткен тіршілік иесінде шамамен 30 күннен кейін есту қабылеті пайда бола бастайды екен. Ал жүктілік мерзімінің соңғы екі айында ол анасының дауысын ести алады деседі мамандар. Зерттеушілер 40 америкалық және 40 швед нәрестені тексерістен өткізген көрінеді.
Зерттеу кезінде сәбилер 7 сағат пен 3 тәулік уақыт аралығында әрбір жұтынғанын есептейтін арнайы еміздікті емген. Еміздік ему кезінде нәрестелер ағылшынша және шведше дауысты естіген. Ғалымдар болжағанындай, бала жаңа дыбысты естіген кезде жұтынып отырған. Америкалық балалар шведше дыбыс естілгенде көбірек белгі берсе, швед балалары керісінше ағылшынша дауыстар кезінде көбірек елеңдеген. Яғни нәрестелер өзіне таңсық, бұрын естімеген дыбыстарға көбірек назар аударған. Зерттеушілердің пайымдауынша, шақалақтардың туа салып тілді осыншалықты меңгеріп алуы мүмкін емес. «Өз тілі мен басқа тілдің айырмашылығын бала іште жатқанда үйренген» деп тұжырымдайды ғалымдар.
BAQ.kz
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?