Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?
Көпшілік көп жүретін орынға айналуды көздеп отырған ВТ театры (BUSINESSTHEATRE) заманауи бағытымен ерекшеленбек.
Өнер шаңырағы еліміздегі Лондондағы атағы әлемге әйгілі Sadler'sWells театрының үлгісінде жұмыс істейді. Мұнда тұрақты труппа өнер көрсетпейді. Тек керек уақытта жобаға шақырылып, қайта тарап отырады. Есесіне әр адамның өзінің ашылмай жатқан қырларын байқап, армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Театр түрлі ойын-сауықтық бағдарламалар мен қойылымдармен көрермен назарын аудармақ. Тұрақты түрде тренингтер өтіп, арнайы іріктеу арқылы қабылданатын талантты қызметкерлер уақытыңыздың дұрыс өтуіне күш салады. Дәрістер кәсіби режиссер, актер, психологтардың жүргізуімен жүзеге асады. 15 адамнан жасақталған топтың әр мүшесіне жеке-жеке көңіл бөлінеді. Бұл жобаға жоғары шенді басшылар мен қарапайым адамдар да қатыса алады. Жаңа театрдың құрылтайшылары Германиядағы әріптестерімен, Лондон драмалық өнер академиясымен тығыз қарым-қатынас орнатып, барыс-келіс жасауға уағдаласып отыр.
Театрдың құрылтайшылары Қаржы банкінің бұрынғы директоры, тәжірибелі психолог, актриса-режиссер Наташа Дубс. Оның айтуынша, қала тарихындағы алғашқы заманауи театр өнер саңлақтары мен шаһар тұрғындары үшін таптырмайтын орталыққа айналады.
Әмірлан МӘУЛЕН
Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд