Ал, кездесу соңында жоғары оқу орынның оқытушылары мен студенттеріне бір уақытта ойнау сеансын өткізді. Ойынға қатысушылар шеберлігі шыңдалған спортшының ойын техникасымен танысты. Академияда спортшыларды жаттықтыру үшін, Ереваннан халықаралық гроссмейстерлерді шақыру жоспарланған. Ал, қазір 13 жастағы Жансая Шымкентте өтіп жатқан Оңтүстік Қазақстан облысының ашық чемпионатына қатысуда.