Бүгін Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні

12 Қаңтар 2013, 04:59

Қазақтың біртуар тұлғасы, көсемі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына бүгін 101 жыл толып отыр. Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993) - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының  академигі, техника ғылымының докторы, КСРО, шет ел  ордеңдері мен медальдерінің иегері. Ол отыз жылдан астам уақыт ел басқарды.  Д.А.Қонаев 1912 жылы қаңтардың 12-де Алматы қаласында туды. Еңбек жолын 1936 жылы Мәскеудегі алтын және түсті металдар институтын бітіргеннен кейін Қоңырат кенішінде бастады. Ол дипломын Қоңырат карьерінің қуаттылығын 90 мың тонна қара мыс беруге жеткізу жөнінде жазып, оны үздік бағамен қорғап шығады. Өзі жұмыс істеген үш жылда бұрғылау станогінің жұмыскерлігінен бастап цех бастығы, рудниктің техника бөлімінің меңгерушісі, бас инженері, директоры болып қызмет атқарды. Димаш Ахметұлының бұрғылау станогі ескерткіш ретінде Қоңыраттың кіре берісінде мәңгілік сақталуда. Сол жылдары Қоңырат құрылысы қарыштап дамыған еді. Д.Қонаевтың өзі тұрған үй, балабақша, аурухана, мәдениет үйі салынды. Осындай қажырлы еңбегі үшін 1938 жылдың шілде айында "Ерекше еңбегі үшін" медалімен   марапатталды. Бұл    оның    бірінші    марапаттау    белгісі    еді.  Аз уақытта іскер басшы, зор талап иесі болып көрінген Д.Қонаевты Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті 1939 жылы Ридер кен басқармасының директорлығына ұсынды. Өйткені Ридер полиметаллкомбинатының жұмысы, әсіресе шикізат кеніштері ақсап қалған еді. Бұл ұсыныс кенді Алтайдың экономикасын жедел көтеруге жасалған шара болатын. Сонымен Орталық Комитет жас коммунист Қонаевқа зор сенім білдірді, ауыр міндет жүктеді. Тұралап қалған асаірі кәсіпорынның жұмысын жолға қою оңай болмасын білсе де, Димекең "жігіт аспайтын бел,жүрмес жол болмайды" деп нартәуекелге бел байлады. "Қашан да бірінші болу құрметті, бірақ тыңнан соқпақ салу, мешеу елде ірі кәсіпорынды жолға қою маған оңайға түскен жоқ" деп жазады өзінің естелік кітабында. Ұлы Отан соғысы жылдарында ол өндіріс жұмысын жоғары дәрежеде ұйымдастырушылардың қатарында ғана қалған жоқ, 1942-52 жылдары Қазақ КСР-і Халық Комиссарлар Кеңесінің орынбасары болды. Одан кейін 3 жыл Ғылым Академиясының Президенті болып қызмет атқарды. Республика Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып екі кезең-1955-60 жылдары және 1962-64 жылдары жұмыс істеді. Онан кейін Д.Қонаев республика партия ұйымын 1986 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін ширек ғасырға жуық уақыт басқарды. Өткен өмірі қаншалықты күрделі де қарама-қайшылықта болғанымен Дінмұхамед Ахметұлы экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылымды, ұлттық мәдениетті дамыту ісінде Қазақстанның көп ұлтты халқының   алдында зор еңбек сіңірді. Ол үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алып, сегіз рет Ленин орденінің және басқа да еліміз бен шет мемлекеттердің ордеңдері мен медальдарының иегері болды Ол еліміздің партия және шаруашылық жұмыстарымен өзінің ғылыми еңбектерін ұштастыра білді, 100-ден аса ғылыми еңбектері жарық көрген. Академик Қонаев тағылымы терең, ой-өрісі кең білімдар адам болған. BAQ.kz

Қазақтың біртуар тұлғасы, көсемі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына бүгін 101 жыл толып отыр. Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993) - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының  академигі, техника ғылымының докторы, КСРО, шет ел  ордеңдері мен медальдерінің иегері. Ол отыз жылдан астам уақыт ел басқарды. 

Д.А.Қонаев 1912 жылы қаңтардың 12-де Алматы қаласында туды. Еңбек жолын 1936 жылы Мәскеудегі алтын және түсті металдар институтын бітіргеннен кейін Қоңырат кенішінде бастады. Ол дипломын Қоңырат карьерінің қуаттылығын 90 мың тонна қара мыс беруге жеткізу жөнінде жазып, оны үздік бағамен қорғап шығады. Өзі жұмыс істеген үш жылда бұрғылау станогінің жұмыскерлігінен бастап цех бастығы, рудниктің техника бөлімінің меңгерушісі, бас инженері, директоры болып қызмет атқарды. Димаш Ахметұлының бұрғылау станогі ескерткіш ретінде Қоңыраттың кіре берісінде мәңгілік сақталуда.

Сол жылдары Қоңырат құрылысы қарыштап дамыған еді. Д.Қонаевтың өзі тұрған үй, балабақша, аурухана, мәдениет үйі салынды. Осындай қажырлы еңбегі үшін 1938 жылдың шілде айында "Ерекше еңбегі үшін" медалімен   марапатталды.

Бұл    оның    бірінші    марапаттау    белгісі    еді.  Аз уақытта іскер басшы, зор талап иесі болып көрінген Д.Қонаевты Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті 1939 жылы Ридер кен басқармасының директорлығына ұсынды. Өйткені Ридер полиметаллкомбинатының жұмысы, әсіресе шикізат кеніштері ақсап қалған еді. Бұл ұсыныс кенді Алтайдың экономикасын жедел көтеруге жасалған шара болатын. Сонымен Орталық Комитет жас коммунист Қонаевқа зор сенім білдірді, ауыр міндет жүктеді. Тұралап қалған асаірі кәсіпорынның жұмысын жолға қою оңай болмасын білсе де, Димекең "жігіт аспайтын бел,жүрмес жол болмайды" деп нартәуекелге бел байлады. "Қашан да бірінші болу құрметті, бірақ тыңнан соқпақ салу, мешеу елде ірі кәсіпорынды жолға қою маған оңайға түскен жоқ" деп жазады өзінің естелік кітабында.

Ұлы Отан соғысы жылдарында ол өндіріс жұмысын жоғары дәрежеде ұйымдастырушылардың қатарында ғана қалған жоқ, 1942-52 жылдары Қазақ КСР-і Халық Комиссарлар Кеңесінің орынбасары болды. Одан кейін 3 жыл Ғылым Академиясының Президенті болып қызмет атқарды. Республика Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып екі кезең-1955-60 жылдары және 1962-64 жылдары жұмыс істеді. Онан кейін Д.Қонаев республика партия ұйымын 1986 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін ширек ғасырға жуық уақыт басқарды.

Өткен өмірі қаншалықты күрделі де қарама-қайшылықта болғанымен Дінмұхамед Ахметұлы экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылымды, ұлттық мәдениетті дамыту ісінде Қазақстанның көп ұлтты халқының   алдында зор еңбек сіңірді. Ол үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алып, сегіз рет Ленин орденінің және басқа да еліміз бен шет мемлекеттердің ордеңдері мен медальдарының иегері болды Ол еліміздің партия және шаруашылық жұмыстарымен өзінің ғылыми еңбектерін ұштастыра білді, 100-ден аса ғылыми еңбектері жарық көрген. Академик Қонаев тағылымы терең, ой-өрісі кең білімдар адам болған.

BAQ.kz

Бөлісу: