«Президент біздің алдымызға нақты міндеттер қойып отыр. Ал біз осы мақсат-міндеттерге жету үшін көп күш жұмсауымыз керек. Себебі бүкіл Қазақстанның болашағы осыған байланысты», - деді Р.Алпысов.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған жаңа мемлекеттік орган – Алматы облысы жастар саясаты мәселелелері басқармасы өңір жастарының ортасында пайда болған түрлі мәселелерді шешумен айналысады. Және басқарма Мемлекет басшысының жаңа Жолдауының басым бағыттарына байланысты көптеген жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Бұл өз кезегінде алға қойған мақсатқа еш қиындықсыз жетуге мүмкіндік береді.