Енді РНН мен СИК қолданылмайтын болды

10 Қаңтар 2013, 10:43

2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Идентификациялық нөмірлердің ұлттық тізілімі» заңымен СТН (РНН) мен ӘЖК-ның  (СИК) орнына ұлттық идентификаторлар – ЖСН (ИИН) мен БСН (БИН), сонымен қатар КҰЖЖ (Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеушісі) енгізілді.  ҚР ҚМ Салық комитетінің салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі басқарма бастығы Ерлан Хасенов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында СТН мен ӘЖК-ден бас тартқаннан кейін қандай өзгерістер күтіп тұрғанын түсіндіріп берді. «Заң бұрын қабылданып қойған, оны іске асыру 2010 жылдан бастап ұзақ мерзімге кейінге қалдырылып келді. Бүгінде Салық комитеті, Қаржы министрлігі және өзге де мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық жүйелері штаттық режимде жаңа үлгіде жұмыс істеп жатыр. Қандай да бір проблема – ЖСН немесе БСН-нің сәйкессіздігі туындаған жағдайда салық органдары шұғыл түрде азаматтарға туындаған мәселелерді шешуге көмектеседі», - деп атап өтті Ерлан Хасенов. Оның айтуынша, сәйкессіздік кездескен жағдайда оны реттеуге Ішкі істер министрлігі жауапты болмақ. Құжаттарды ІІМ ҚР азаматтарына, Салық комитеті резидент емес тұлғаларға береді. Сонымен бірге ол кейбір азаматтардың жеке куәлігінде сәйкестендіру нөмірі бар екенін, ондай нөмірі жоқ азаматтарға ЖСН алу туралы куәлік берілетінін атап өтті. «Жеке куәлігінде ЖСН көрсетілмеген азаматтар ХҚКО-ға жүгіне алады, оған жеке куәлігін берген соң, ЖСН нөмірі бар анықтама беріледі», - деп атап өтті ол. Ерлан Хасеновтың сөзіне қарағанда, 1997 жылға дейін берілген жеке куәліктерде ЖСН туралы мәлімет жоқ. 2007 жылға дейін берілген туу туралы куәліктерге де ЖСН туралы мәлімет енгізілмеген. Балаларға ЖСН тек шот ашқанда және оның атына қандай да бір жылжымайтын мүлік тіркелгенде ғана қажет. «Барлық банктерге хабар берілді, біз Ұлттық банкпен және екінші деңгейлі банктермен қажетті жұмыстарды жүргіздік. Оларға күн сайын ЖСН мен БСН базасы бойынша жаңартылған мәліметтерді жіберіп отырамыз. Жеке куәлік пен сәйкестендіру нөмірі сәйкес келмей жатса, банк жұмыс тәртібімен бізге ақпарат береді. Содан кейін азамат ЖСН алу үшін тұрғылықты жері бойынша салық органына немесе ХҚКО жүгіне алады», - деп түйіндеді басқарма бастығы. BNews.kz

2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Идентификациялық нөмірлердің ұлттық тізілімі» заңымен СТН (РНН) мен ӘЖК-ның  (СИК) орнына ұлттық идентификаторлар – ЖСН (ИИН) мен БСН (БИН), сонымен қатар КҰЖЖ (Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеушісі) енгізілді. 

ҚР ҚМ Салық комитетінің салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі басқарма бастығы Ерлан Хасенов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында СТН мен ӘЖК-ден бас тартқаннан кейін қандай өзгерістер күтіп тұрғанын түсіндіріп берді.

«Заң бұрын қабылданып қойған, оны іске асыру 2010 жылдан бастап ұзақ мерзімге кейінге қалдырылып келді. Бүгінде Салық комитеті, Қаржы министрлігі және өзге де мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық жүйелері штаттық режимде жаңа үлгіде жұмыс істеп жатыр. Қандай да бір проблема – ЖСН немесе БСН-нің сәйкессіздігі туындаған жағдайда салық органдары шұғыл түрде азаматтарға туындаған мәселелерді шешуге көмектеседі», - деп атап өтті Ерлан Хасенов.

Оның айтуынша, сәйкессіздік кездескен жағдайда оны реттеуге Ішкі істер министрлігі жауапты болмақ. Құжаттарды ІІМ ҚР азаматтарына, Салық комитеті резидент емес тұлғаларға береді. Сонымен бірге ол кейбір азаматтардың жеке куәлігінде сәйкестендіру нөмірі бар екенін, ондай нөмірі жоқ азаматтарға ЖСН алу туралы куәлік берілетінін атап өтті.

«Жеке куәлігінде ЖСН көрсетілмеген азаматтар ХҚКО-ға жүгіне алады, оған жеке куәлігін берген соң, ЖСН нөмірі бар анықтама беріледі», - деп атап өтті ол.

Ерлан Хасеновтың сөзіне қарағанда, 1997 жылға дейін берілген жеке куәліктерде ЖСН туралы мәлімет жоқ. 2007 жылға дейін берілген туу туралы куәліктерге де ЖСН туралы мәлімет енгізілмеген. Балаларға ЖСН тек шот ашқанда және оның атына қандай да бір жылжымайтын мүлік тіркелгенде ғана қажет.

«Барлық банктерге хабар берілді, біз Ұлттық банкпен және екінші деңгейлі банктермен қажетті жұмыстарды жүргіздік. Оларға күн сайын ЖСН мен БСН базасы бойынша жаңартылған мәліметтерді жіберіп отырамыз. Жеке куәлік пен сәйкестендіру нөмірі сәйкес келмей жатса, банк жұмыс тәртібімен бізге ақпарат береді. Содан кейін азамат ЖСН алу үшін тұрғылықты жері бойынша салық органына немесе ХҚКО жүгіне алады», - деп түйіндеді басқарма бастығы.

BNews.kz

Бөлісу: