29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
"Қазақстан сұлуы -2012" Жазира Нұрымбетова келесі жолы "Әлем сұлуы-2013" міндетті түрде өзінің иеленетініне сенімді.
"Мен "Әлем сұлуы -2013" конкурсына барып өзімнің бас жүлдеге лайық екенімді дәлелдеймін. Ол сыйлық бізде, Қазақстанда болуы тиіс", - деді еліміздің нөмір бірінші ай десе аузы, күн десе көзі бар көрікті қызы.
Жазираның өз айтуынша, ол тұлымы желбіреген ерте жастан өзіне Қазақстанның ең бірінші сұлуы боламын деп мақсат қойған екен. "Бала жасымда мен күнделік жүргізіп 2010 жылы "Қазақстан сұлуы" боламын деп жазыппын, сосын ол уақытта оқуда болатындықтан, бұл мерзімді 2012 жылға шегердім. Менің білуімше, адамның ойы материалданады»,- деді Жазира. Сұлу бикеш ойдың заттануын айтып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы 9 желтоқсанда шымкенттік 21 жасар Нұрымбетова
"Қазақстан сұлуы" титулын жеңіп алған болатын. Қазір ол оқуын оқып, бухгалтер болып жұмыс істеп, алдағы әлемдік сұлулар сайысына Қазақстанның атынан шығуға дайындалып жатыр.
BAQ.kz
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек