29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Бүгін «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығында жазушы, сатирик, Қазақстанның мәдениет қайраткері Табыл Құлыястың «Жиембет батыр» атты кітабының тұсаукесері өтті деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты
Қаламгер бұған дейін Жиембет батыр туралы газет-журналдарға талай зерттеу еңбектер жазғанымен, ол кітап болып алғаш рет басылып шығып отыр. Туынды иесі өз сөзінде: «Кітапты жазуға бір жыл уақытым кетті. Жиембет – әділ би, шешен, жырау, әскербасы, айлалы да, аруақты батыр болған. Мен бала күнімнен ол туралы көптеген аңыз, әңгімелерді естіп өстім. Ал, ер жетісімен ол туралы елеулі еңбек қалдыруды армандадым. Міне, бүгін «ақ түйенің қарны жарылып», сол күнге жеттім», - деді.
Жиембет батыр туралы қалам тартқан жазушы аз емес. Ал, Табыл Құлыяс сол еңбектерді қайталамас үшін Татарстанның Қазан қаласына барып, мұрағаттарды ақтарып, кейіпкерін арнайы зерттеген. Ендеше, сиясы кеппеген туынды жас ұрпақтың санасын серпілтер шығарма болуы керек. Айта кетейік, бүгінде Астана мен Ақтөбе қалаларында Жиембет батыр атына көше атаулары берілген.
baq.kz
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек