29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
2012 жылдың ішінде Астана қаласы әкімінің интернет-блогына білім беру саласына қатысты 930 сұрақ пен хат келіп түсті. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда (1372) 33%-ға аз. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Білім басқармасынан мәлім етті. «Аталған факті, бәрінен бұрын қаланың педагогикалық ұжымдарында ақпараттық-түсінік жұмыстарының жолға қойылғанын және ата-аналармен, жалпы жұртшылықпен қордаланған мәселелерді қаланың БАҚ-тары арқылы уақытында шешіп отыруының нәтижесі.
Сондай-ақ, келген сауалдарға Астана қаласының ресми сайты – astana.kz» арқылы қысқа мерзімде жауап берілуінің де оң әсері болды, - делінген хабарламада.
Басқарманың мәліметі бойынша, келіп түскен хаттардың көпшілігі балабақшалардағы кезекке, ата-аналардың мектепке дейінгі мекемелерде санитарлық-гигиеналық талаптардың қатаң сақталуын қадағалауға байланысты болған. Сонымен қатар, балабақшалар мен мектептердегі қажеттілік үшін деген желеумен заңсыз ақша жинауға қатысты да шағымдар аз емес. Көптеген ата-аналарды қала мектептеріндегі оқулықпен қамту мәселесі де жиі толағандырады.
Астана қаласының ресми сайты astana.kz
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек