Ыстамбұл, Мадрид және Токио 2020 жылы Жазғы олимпиаданы өткізуге дайын

8 Қаңтар 2013, 12:01

Ыстамбұл, Мадрид және Токио 2020 жылы Жазғы олимпиаданы өткізуге дайын. Бұл қалалар бүгін Халықаралық олимпиада комитетіне өз өтінімдерін ұсынды, деп хабарлайды Утро.ru.  Наурызда ХОК өкілдері үміткер қалаларға аттанады. Инспекцияның қорытындысы шілде айында жарияланады. Соңғы шешім 2013 жылғы 7 қыркүйекте қабылданады. 2020 жылы Олимпиада ойындарын өткізуге Баку мен Доха да өтініш білдірген болатын. Бірақ өткен жылдың мамыр айында анықталған қорытынды тізімге бұл қалалар кірмей қалды. BNews.kz

Ыстамбұл, Мадрид және Токио 2020 жылы Жазғы олимпиаданы өткізуге дайын. Бұл қалалар бүгін Халықаралық олимпиада комитетіне өз өтінімдерін ұсынды, деп хабарлайды Утро.ru

Наурызда ХОК өкілдері үміткер қалаларға аттанады. Инспекцияның қорытындысы шілде айында жарияланады. Соңғы шешім 2013 жылғы 7 қыркүйекте қабылданады.

2020 жылы Олимпиада ойындарын өткізуге Баку мен Доха да өтініш білдірген болатын. Бірақ өткен жылдың мамыр айында анықталған қорытынды тізімге бұл қалалар кірмей қалды.

BNews.kz

Бөлісу: