22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАлматылық Әлихан Өмірбеков әлемдегі ең қымбат сағат ойлап тапты. Тіпті, Әлиханның бұл жобасына Швейцар сағатшыларының өзі үлкен баға беріп отыр. Дәлірек айтсақ, 1 млн. долларға бағалап отыр. Ал, Әлихан болса, өз жобасының болашақта жасалынып шығып, оны сатып алушылардың болатынына кәміл сеніп отыр. Сондай-ақ, сағаттың эксклюзивті моделі Қазақстанда қалуы ықтимал.
Әлихан бұл жобаны жасап шығу үшін бір жылдан бері әлемдік әдебиеттер мен ең бағалы сағаттардың жасалу жолдарын қарап шыққан. Оның жасап шыққан сағаты «Министри оф таймкиперс» деп аталады. Оны қазақшаға аударғанда «Уақыттың қорғаушысы» деп аталады.
«Мұнда ең қиыны сағаттың цифрлы белгісі бұрышында орналасқан. Бұл сағат жасаудағы ең күрделі жұмыстардың бірі. Екіншіден, мұнда екі гиротурбийон болады. Оның еш пайдасы болмағанмен, сағаттың қымбат екендігін айшықтап тұрады. Егер сағатта гиротурбийон болса, ол кем дегенде 300 мың долларға бағаланады» дейді Әлихан.
Әлихан ойлап тапқан сағатта екі бірдей гиротурбийон орнатылған. Демек, ол жоқ дегенде 600 мың доллар тұрады. Швейцария мамандары қазақстандық жасаған сағаттың күрделілігі мен дизайнын ескере отырып, оны миллион доллардан кем тұрмайды деген шешімге келді. Егер ол қымбат металдар мен әшекей тастармен бедерленсе, бағасы одан сайын артуы мүмкін дейді швейцар мамандары.
Әлиханның айтуынша, қымбат бағадағы сағаттар тағатын ерлер әлі де көп. Мысалы, Киев мэрі Леонид Черновецкий 200 мың доллар үшін ақшасын аямаған. Италияның экс-премьер министрі Сильвио Берлускони жарты миллион тұратын сағат тағып жүр. Қазақстандық шенеуніктер де сағат тағуда қалыс емес. 16 мыңнан 100 мың долларға дейінгі аралықтағы сағаттар тағады. Бірақ, біздегі мәжіліс депутаттарының көбі Қытайда жасалған көшірмесін таққан5а мәз. Мәселен, Мұхтар Тінікеев қолындағы «Брегет» сағатын Гуанчжоуда 50 долларға сатып алған. Ал, депутат Владислав Косарев қолындағы сағатының қанша тұратынын да білмейді. Бұл туралы Әлиханның өзі айтып отыр.
BAQ.KZ
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев