29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыШвейцарияның 250 жылдық тарихы бар Wegelin & Co банкі қызметін тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды KazBIN Reuters-ке сілтеме жасап. Банк басшылығы бұл мәлімдемені американдық азаматтарға салықтан жалтаруға көмек бергенін мойындаған соң жасады.
Wegelin & Co банкі соңғы он жылдан бері АҚШ азаматтарына жалпы сомасы 1,2 млрд доллар көлемінде салықтан жалтаруға көмектескенін мойындады. Енді банк АҚШ билігіне өтемақы ретінде 57,8 млн доллар төлеуге тиіс. Ал банктің әлгі салықтан жалтарған клиенттерінің есімін жариялайтыны әлде құпия қалдыратыны әзірге белгісіз.
Айта кетейік, АҚШ билігі өткен жылдың қаңтар айында Wegelin & Co банкі жетекшілерінің үш мүшесіне салықтан жалтарды деген айып таққан-ды. Алайда, ақпан айында мұндай айып банктің өз басына тағыла бастады. Сол-ақ екен, банк бизнесінің бір бөлігін швейцариялық Raiffesen Gruppe-ке сатып жіберді. Дәл қазір тек америкалық аумаққа жұмыс істеген бөлімше ғана қалған.
BNews.kz
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек