29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Петропавлдық спортшылар кикбокстен Азия Чемпионатында 15 алтын медаль жеңіп алды.
25-30 желтоқсан аралығында Үндістанның Пуна қаласында кикбокстен Азия Чемпионаты өтті. Оған 19 елден 400-ден астам спортшы қатысты. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан спортшылары бірінші орынды иеленсе, екінші орынға Иран командасы және үшінші орынға Азия командасы ие болды.
Петропавлдық үш спортшы Азамат Нұрсейітов, Самат Қадарбеков және Рауан Смағұлов 15 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.
Жеңімпаздар «Қарасай» жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері.
Бүгін вокзалда жеңімпаздарды ерекше құрметпен ата-аналары, спорт басшылығы, әріптестері мен студенттер қарсы алды.
Алдағы уақытта спортшыларды Түркиядағы Әлем Чемпионатына дайындық күтіп тұр.
BAQ.kz
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек