4 Қаңтар 2013, 09:02
Бүгін Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Мәдениет тарихы институты ғалымдары жағынан жаңадан жазылған кітаптардың тұсаукесері өтті.
Тұсауын жаңа кескен кітаптарың қатарында болгар тілінде жарық көрген «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» және «Әлімхан Ермеков», «Жұмабек Тәшенов» атты кітаптар бар. Бұл кітаптар ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ғылыми қазына» салалық бағдарламасы аясындағы «Ұлы дала тұлғалары» деп аталатын кітаптар топтамасының жалғасы. Былтырдан бері қолға алынған бағдарлама «Қазақстан жаңа тарихының» үш томдығы, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы» мен «1932-1933 жылдардағы ашаршылық ақиқаты» сияқты тың тарихи дерекке толы кітаптарды да дүниеге әкелген.
«Меніңше, осындай тың дүниелерді көптеп шығару керек. Бір ғана Жұмабек Тәшеновты алатын болсақ, ол жайлы сөз бола қалса бәріміз бір ғана ерлігінің төңірегінде әңгіме құрамыз. Алайда оның экономика ғылымына қосқан үлесі мол. Тәшеновың экономика тақырыбында жазған мақалаларын бір жинаққа топтастыруып жоғары оқу орнының түлектеріне жеткізуіміз керек деп есептеймін. Осындай тұлғаларымыздың еңбектері зерттеліп, зерделеніп, өмірбаянының өзіне бір кітап арналып жатса ол өте игі іс. Бізде аты аталмай, түбі түптелмей жатқан көптеген ғалымдарымыз бар. Сондықтан да «Ғылыми қазына» салалық бағдарламасы бойынша бұл топтама өз жалғасын табады»,- дейді Экономика институтының Астана филиалының директоры Жангелді Шымшықов.
Майгүл СҰЛТАН
BAQ.kz