30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЕлбасы Жолдауы – болашаққа сенімді қадам. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы, «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Бақыт Злобин BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді.
«Әр жылғы Жолдаудың – өз жаңалығы бар. Дегенмен биылғы үндеу ерекше. Президент 2050 жылға дейінгі стратегияны жария етті. Бұл міндеттер экономиканың қуатын еселеуге, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Сондықтан Елбасының Жолдауы – болашаққа сенімді қадам деп айтуға толық негіз бар», - деп ой бөлісті Бақыт Злобин.
Ол Жолдаудың ел жастарының алдына айқын мақсат-міндет қойып, өскелең ұрпаққа үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.
«Бізге артылып отырған зор жауапкершілікті түсінеміз. Біз елімізді 2050 жылға қарай биік белестерге жетелейтін ұрпақпыз. Қазіргі жастар болашақта ел тізгінін қолға алатын буын. Президенттің жастар саясатына ерекше көңіл бөлетіні қуантады. Ол бізге сенім артады. Біз оны ақтауға міндеттіміз. Еліміздегі бірлік, ынтымақ пен тұрақтылықты, ал ең бастысы – Тәуелсіздігімізді сақтауға бар күш-жігерімізді салсақ игі», - деген пікірін білдірді жасотандық.
Айымгүл Әбілева
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды