29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Қытайлық керамикалық өндіріс иегері, У Дуанбьяо есімді кәсіпкер қызын 160 млн. доллар тұратын жасауымен күйеуге беріпті.
Оның жасауына төрт қорап алтын әшекей, құны 16 млн. долларды құрайтын бағалы қағаздар, банк кітапшасы, қомақты ақшалай салымымен, баспанасы мен коммерциялық мүлкін, Porsche және Mercedes секілді автокөліктерін қосқан.
Тойлары оңтүстік Фуцзянь провинциясында сегіз күнге созылған. Сондай-ақ, барлық қонаққа бірдей есік ашық болған. Ал, керамикалық өндіріс иесі бұл той үшін 2,5 млн. долларға шығындалған.
Кәсіпкер У Дуанбьяо қызын қарапайым мемлекет қызметіндегі жігітке ұзатыпты. Оның айтуынша, қызының өмірі өзінікіндей емес, қарапайым әрі тұрақты болса екен дейді.
BAQ.kz
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек