Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 қаңтар күні Africa Eco Race халықаралық жарысының төртінші кезеңі аяқталды. Командалар Уэт-Драадан Гвират Ларьямға дейін 451 шақырымды еңсеру керек болатын. Төртінші күннің қорытындысы бойынша Қанат Шағыровтың басқаруындағы 214-нөмірлі экипаж өз дәрежесінде тағы да көш бастады, деп хабарлайды Astana Racing Team-ның баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінде атап өткендей, Қанат Шағыров пен Александр Мороздың экипажы 343 шақырымдағы арнайы учаскені 4 сағат 42 минут 44 секундта жүріп өтіп, жалпы есепте 21-орынды және Т2 дәрежесінде 1-орынды иеленді.
Өкінішке қарай, Юрий Сазонов пен Арыслан Сахимовтың басқаруындағы 226-нөмірлі экипаж Bowler көлігіндегі техникалық ақауларға байланысты жарыстың төртінші кезеңіне қатыса алмады.
Жалпы есепте бұрынғыдай Жан-Луи Шлесер мен Сирил Эскироль көш бастап тұр.
Бүгін командалар Вади Хармадан Дахлуға дейін 689 шақырып жүріп өтуі керек.
www.bnews.kz
Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?