«Астана» экипажы халықаралық жарыстың Т2 санатында көш бастап келеді

2 Қаңтар 2013, 07:51

31 желтоқсан күні Africa Eco Race халықаралық жарысының үшінші кезеңі аяқталды, оның қорытындысы бойынша Қанат Шағыров пен Александр Мороздың 214 нөмірлі экипажы бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Astana Racing Team-нің баспасөз қызметі.  Тагуниттен Уэд-Драаға бағытталған үшінші күннің бағдары 522 шақырымды құрады, оның 433 шқ арнайы учаске, қалғаны – лиазондар. Қанат Шағыровтың басқруындағы MEBAR M440 автокөлігіндегі «Астана» экипаждарның бірі Т2 сатысында көшбасшы орынды иеленді және Africa Eco Race 2013 ралли-рейдінің жалпы есеп қорытындысы бойынша барлық автокөліктер арасында 22-орында. Юрий Сазонов пен Арыслан Сахимовтың басқаруындағы 226-нөмірлі Bowler автокөлігіндегі «Астананың» екінші экипажы үшінші кезеңде 35-орынды және жалпы есепте 27-орынға қол жеткізді. Қазір Sonangol Schlesser француз командасына Жан-Луи Шлессер мен Сирип Эскироляның экипажы бірінші орында тұр. Екінші орынды олардың отандастары Жером Пеличет пен Хавьер Пансери, ал үшінші орынды Бельгиядан келген Жак Луманс пен Фриц Дрисманстың экипажы иеленді. Africa Eco Race халықаралық ралли-рейдінде екі санат ұсынылған: мотоцикл мен автокөлік. www.bnews.kz

31 желтоқсан күні Africa Eco Race халықаралық жарысының үшінші кезеңі аяқталды, оның қорытындысы бойынша Қанат Шағыров пен Александр Мороздың 214 нөмірлі экипажы бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Astana Racing Team-нің баспасөз қызметі. 

Тагуниттен Уэд-Драаға бағытталған үшінші күннің бағдары 522 шақырымды құрады, оның 433 шқ арнайы учаске, қалғаны – лиазондар.

Қанат Шағыровтың басқруындағы MEBAR M440 автокөлігіндегі «Астана» экипаждарның бірі Т2 сатысында көшбасшы орынды иеленді және Africa Eco Race 2013 ралли-рейдінің жалпы есеп қорытындысы бойынша барлық автокөліктер арасында 22-орында.

Юрий Сазонов пен Арыслан Сахимовтың басқаруындағы 226-нөмірлі Bowler автокөлігіндегі «Астананың» екінші экипажы үшінші кезеңде 35-орынды және жалпы есепте 27-орынға қол жеткізді.

Қазір Sonangol Schlesser француз командасына Жан-Луи Шлессер мен Сирип Эскироляның экипажы бірінші орында тұр. Екінші орынды олардың отандастары Жером Пеличет пен Хавьер Пансери, ал үшінші орынды Бельгиядан келген Жак Луманс пен Фриц Дрисманстың экипажы иеленді.

Africa Eco Race халықаралық ралли-рейдінде екі санат ұсынылған: мотоцикл мен автокөлік.

www.bnews.kz

Бөлісу: