1 қаңтардан бастап қазақстандық тәртіп сақшыларының жалақысы өседі

2 Қаңтар 2013, 07:43

2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы өседі, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.  «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет бойынша еркін бюджеттік тапсырыс құрамына Ішкі істер министрлігі ІІО қызметкерлерінің арнайы шендері үшін төленетін үстемақы көлемін өсіру ұсынысын жасап, Республикалық бюджеттік комиссия бұл ұсынысты қолдады - 35 322,5 млн теңге», - делінген хабарламада. 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы шендер үшін төленетін үстемақының өскен көлемі ескеріліп бекітілген қаржының орташа мөлшері келесідей: - аудандық ішкі істер басқармасының бастығы, 20 жыл қызмет атқарған полиция полковнигі - 226 405 теңге (қазіргісі 175 562 теңге); - учаскелік полиция инспекторы, 5-7 жыл қызмет атқарған полиция капитаны - 134 667 теңге (қазіргісі 100 618 теңге); - оперативтік уәкіл, аудандық деңгейдегі тергеуші, 5-7 жыл қызмет атқарған полиция майоры - 117 733 тенге (қазіргісі 72 535 теңге); - орталық аппарат оперативтік уәкілі, 5-7 жыл қызмет атқарған полиция майоры - 142 397 теңге (қазіргісі 97 199 теңге). Естеріңізге сала кетейік, «құқық қорғау органдары қызметкерлері жалақысының өсетіндігі туралы ҚР Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттау тобы жұмыстарының екінші кезеңі аясында Алматы қаласына келген кезінде ҚР ІІМ Есірткі бизнесімен күрес комитетінің төрағасы – полиция майоры А. Выборов мәлім еткен болатын», - делінген хабарламада. www.bnews.kz

2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы өседі, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі. 

«2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет бойынша еркін бюджеттік тапсырыс құрамына Ішкі істер министрлігі ІІО қызметкерлерінің арнайы шендері үшін төленетін үстемақы көлемін өсіру ұсынысын жасап, Республикалық бюджеттік комиссия бұл ұсынысты қолдады - 35 322,5 млн теңге», - делінген хабарламада.

2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы шендер үшін төленетін үстемақының өскен көлемі ескеріліп бекітілген қаржының орташа мөлшері келесідей:

- аудандық ішкі істер басқармасының бастығы, 20 жыл қызмет атқарған полиция полковнигі - 226 405 теңге (қазіргісі 175 562 теңге);

- учаскелік полиция инспекторы, 5-7 жыл қызмет атқарған полиция капитаны - 134 667 теңге (қазіргісі 100 618 теңге);

- оперативтік уәкіл, аудандық деңгейдегі тергеуші, 5-7 жыл қызмет атқарған полиция майоры - 117 733 тенге (қазіргісі 72 535 теңге);

- орталық аппарат оперативтік уәкілі, 5-7 жыл қызмет атқарған полиция майоры - 142 397 теңге (қазіргісі 97 199 теңге).

Естеріңізге сала кетейік, «құқық қорғау органдары қызметкерлері жалақысының өсетіндігі туралы ҚР Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттау тобы жұмыстарының екінші кезеңі аясында Алматы қаласына келген кезінде ҚР ІІМ Есірткі бизнесімен күрес комитетінің төрағасы – полиция майоры А. Выборов мәлім еткен болатын», - делінген хабарламада.

www.bnews.kz

Бөлісу: