29 Желтоқсан 2012, 11:17
Бұл туралы «Шал» фильмінің режиссері Ермек Тұрсынов bnews.kz тілшілеріне берген сұхбатында айтыпты.
«Бұл фильмнің жалпы шығыны 800 мың долларды құрапты. Бірақ, бұл шығынның орны небәрі 4 апта ішінде толды. Сол аралықта 62 млн. теңге жиналды. Қазір сатылымға DVD-дискілер шықты. Теледидардан да көрсетіліп жатыр. Келер жылы фильмді халықаралық кинофестивальдердің бәйгесіне қосамыз. Менің ойымша «Шал» фильмі толықтай өзін-өзі ақтайды » дейді Ермек Тұрсынов.
Ермек Тұрсыновтың айтуынша, «Қазақфильм» АО-ның президенті Ермек Аманшаев «Шал» фильмін Пензенск кинофестиваліне ұсыну туралы ауызша келісім-шарт жасасқандығын айтты.
Алматыда «Шал» фильмінің DVD-дискілерінің тұсауы кесілді. «Меломан Гранд» желілі дүкендерінде бағасы 1300 теңгеден 2 мың данасы саудаға түсті.
BAQ.KZ