Мадонна Малавиде ондаған мектеп салуға қаржы бөлді

29 Желтоқсан 2012, 09:13

Америкалық поп жұлдыз Мадонна бұған дейін оңтүстік африкалық ел Малавиден екі баланы асырап алған болатын. Енді аталған елде 4870 оқушы білім алатын мектептер салуға қаржы бөліп отыр, деп жазады ИТАР-ТАСС. Мадонна малавилік балалардың мектепке баруларына мүмкіндік бергеніне қуанышты екенін айтыпты. «Оқушылардың жартысынан көбі қыз балалар екені мені аса қуантты. Келесі жылы 4800 аса оқушының мектеп табалдырығын аттайды, бұл тек олардың ғана емес, Малавидің болашақта дамуын білдіреді», деді ол. Мадонна Малавиде 15 млн долларға қыздарға арналған академия салмақ болғанымен, кейін бастауыш мектептер ашуға шешім қабылдапты. БҰҰ мәліметіне қарағанда, Малави Африканың ең кедей елі болып табылады. 13 млн халықтың 39 пайызы күніне бір доллардан төмен ақшаға өмір сүреді. ЮНИСЕФ балалар қорының мәліметінше, ұлдардың 26 пайызы, ал қыздардың 16 пайызы ғана бастауыш мектепті аяқтайды екен.

Америкалық поп жұлдыз Мадонна бұған дейін оңтүстік африкалық ел Малавиден екі баланы асырап алған болатын. Енді аталған елде 4870 оқушы білім алатын мектептер салуға қаржы бөліп отыр, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Мадонна малавилік балалардың мектепке баруларына мүмкіндік бергеніне қуанышты екенін айтыпты. «Оқушылардың жартысынан көбі қыз балалар екені мені аса қуантты. Келесі жылы 4800 аса оқушының мектеп табалдырығын аттайды, бұл тек олардың ғана емес, Малавидің болашақта дамуын білдіреді», деді ол.

Мадонна Малавиде 15 млн долларға қыздарға арналған академия салмақ болғанымен, кейін бастауыш мектептер ашуға шешім қабылдапты.

БҰҰ мәліметіне қарағанда, Малави Африканың ең кедей елі болып табылады. 13 млн халықтың 39 пайызы күніне бір доллардан төмен ақшаға өмір сүреді. ЮНИСЕФ балалар қорының мәліметінше, ұлдардың 26 пайызы, ал қыздардың 16 пайызы ғана бастауыш мектепті аяқтайды екен.

Бөлісу: