29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов Жастар үйінде өткен мерекелік кеште ән салды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Болатбек Қуандықов Жастар үйі тәрбиеленушілерінің жаңа жылдық мерекелік кешіне қатысты. Балалар үйінде тәрбиеленген жастар мәртебелі меймандарға өз өнерлерін көрсетіп, концерт қойды. Облыс әкімі де олармен қоса ән шырқады, дейді баспасөз қызметі.
Қызылорданың Жастар үйінде жергілікті балалар үйінде тәрбиеленген 16-23 аралығындағы 26 жас тұрады. Жақында пайдалануға берілген жаңа ғимарат жылы, қажетті бұйымдармен жабдықталған. Мұнда тіпті шағын автобус та бар.
Жаңа жыл қарсаңында аймақ басшысы Жастар үйіне музыкалық аппаратура сыйға тартты.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек