Қызылорда облысының әкімі Жастар үйіндегі мерекелік кеште ән салды

29 Желтоқсан 2012, 09:08

Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов Жастар үйінде өткен мерекелік кеште ән салды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Болатбек Қуандықов Жастар үйі тәрбиеленушілерінің жаңа жылдық мерекелік кешіне қатысты. Балалар үйінде тәрбиеленген жастар мәртебелі меймандарға өз өнерлерін көрсетіп, концерт қойды. Облыс әкімі де олармен қоса ән шырқады, дейді баспасөз қызметі. Қызылорданың Жастар үйінде жергілікті балалар үйінде тәрбиеленген 16-23 аралығындағы 26 жас тұрады. Жақында пайдалануға берілген жаңа ғимарат жылы, қажетті бұйымдармен жабдықталған. Мұнда тіпті шағын автобус та бар. Жаңа жыл қарсаңында аймақ басшысы Жастар үйіне музыкалық аппаратура сыйға тартты.

Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов Жастар үйінде өткен мерекелік кеште ән салды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Болатбек Қуандықов Жастар үйі тәрбиеленушілерінің жаңа жылдық мерекелік кешіне қатысты. Балалар үйінде тәрбиеленген жастар мәртебелі меймандарға өз өнерлерін көрсетіп, концерт қойды. Облыс әкімі де олармен қоса ән шырқады, дейді баспасөз қызметі.

Қызылорданың Жастар үйінде жергілікті балалар үйінде тәрбиеленген 16-23 аралығындағы 26 жас тұрады. Жақында пайдалануға берілген жаңа ғимарат жылы, қажетті бұйымдармен жабдықталған. Мұнда тіпті шағын автобус та бар.

Жаңа жыл қарсаңында аймақ басшысы Жастар үйіне музыкалық аппаратура сыйға тартты.

Бөлісу: