13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызЖолдауды өмірде іске асыру үшін бізге бірігу керек, деп мәлімдеді Орал мәслихатының депутаты Аветик Амирханян BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды 2050 жылға дейін дамытудың басты бағыттарын айқындады.
«Ел Президенті Жолдауда біздің республикамыз Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы болуы тиіс екенін айтты. Жұмыссыздар енді жәй ғана жәрдемақы алушы емес, жаңа кәсіптің иесі атанбақ, мүмкіндігі шектеулі адамдар жасампаз істермен белсене айналыса алады. Бұл өте дұрыс көзқарас. Мемлекет еңбек етіп, нан тапқысы келетін адамдарға жағдай жасауы тиіс. Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясын өмірде іске асыру үшін барлық қазақстандықтар бірігуі керек», - деп атап өтті А.Амирханян.
Қалалық мәслихаттың депутаты мемлекет елдегі кәсіпкерліктің дамуына мүдделі болуы керек деп есептейді.
«Нұрсұлтан Назарбаев салық салу жүйесіндегі бүгінгі кемшіліктер шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіріп отырғанын мәлімдеді. Мемлекет басшысы Үкіметке Қазақстан азаматтарының өмірлік іс-әрекетіне тікелей ықпал етпейтін рұқсат қағаздары мен лицензияларды тоқтатып, оларды хабарламаға ауыстыруға тапсырма беруі өте орынды. Бұл бизнесмендерге өндірісті дамытып, бюджетке түсетін ақшаны ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді А.Амирханян.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды