Балгерлер 2013 жылға жорамал жасады

28 Желтоқсан 2012, 10:37

2013 жыл қандай болады? "Алаш айнасы" газеті белгілі емшілер мен жұлдызшыларға осы сұрақты қойып көрді. Назарбек ҚОЖАМСЕЙІТ, жұлдыз-жорамалшы: – 2013 жылдың қысы мен көктемі өте қиын өтеді. Қатты аяздар, түтеген борандар болады. Халықтың әлеуметтік жағдайы дұрысталу үшін біраз міндеттер атқарылуы керек. Қымбатшылық аспанға ұшады. Табиғи апаттар болады. Қазіргі солтүстіктегі 47 градустық аяздардың өзінен биелер құлын тастап жатыр. Десек те, елдің тыныштығы дұрыс болады. Қаңтардың басында он күнге созылатын қатты аяздар күтілуде. Ақпанның басында ғана төрт-бес күндей күн жылынады. Ал ақпанның 15-17-сінде, содан кейін наурыздың басында бір табиғи апаттар болады. Өрт секілді құбылыстар 21-22 наурызда болып қалу қаупі бар. Мамырға дейін күн жылына қоймайды. Бұл құбылыстардың бәрі халыққа, малға өте жайсыздық әкеледі. Осы бір жылдың ішінде екі рет Күн тұтылады, үш рет Ай тұтылады. Табиғат қазір бір суып, бір ысып тұрса, сәлден соң басқа құбылысқа ауысады. Бәріміз соған дайындалуымыз керек. Бақытжан АҚЖІГІТОВ, көріпкел, емші: – 2013 жыл Қазақстан халқы үшін өте жақсы жыл болады. "Табиғатта анадай болады", "саясатта мынадай болады" деп қорқуға негіз жоқ. Табиғат – тосын құбылыс. Ол ешуақытта адам баласына бағынбайды. Бәрі бір Алланың қолында. Сондықтан, жаманшылық болмайды, заманымыз тыныш болады дер едім. Барлық нәрсе өз уақытымен. "Адамға сенген мұрттай ұшады, Аллаға сенген құстай ұшады" деген қанатты сөз бар. Аллам айтқан: "Егер мен шын қаһарлансам, бәріңді бір тарының қауызына сыйғызамын" деп. Сондықтан біз бәрін бір Алладан ғана күтуіміз керек. Адам тек жақсылықтан үміттенуі тиіс. Гүлхан СӘРСЕНОВА, құмалақшы: – Аса бір жамандықтар бола қояды демеймін. Тыныш, жақсы жыл болады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болады. Тамыз айларында халықтық мәселелерде бір өзгерістер болатын сияқты. Халыққа арналған бір үлкен өндіріс орындары ашылатын сияқты. Соның қарапайым көпке көмегі көп болады. Табиғатқа байланысты жайсыз жағдайлар байқалмайды. Қазақтың өзінің кеңдігіне, жайма-шуақтық ниетіне Құдайдың өзі қарайласатын секілді. Әлдеқандай табиғи құбылыстар бола қалған кездің өзінде жеңіл өтеді. Өсім мен шығын жағынан аздаған қиындықтар болады. Демографиялық ахуалда асқан өзгеріс бола қоймайды. Сақтанып жүрмесе, жол апаттары жиілеуі мүмкін. Адам Аллаға көбірек сыйынып, ниетін түзесе, барлық қиындықты өткеруге болады. Рухани-мәдени салада таланттарға мол мүмкіндік туады. Әлемдік сахналарда, әлем халқына біраз таланттарымыз танылады. nur.kz

2013 жыл қандай болады? "Алаш айнасы" газеті белгілі емшілер мен жұлдызшыларға осы сұрақты қойып көрді.
Назарбек ҚОЖАМСЕЙІТ, жұлдыз-жорамалшы:
– 2013 жылдың қысы мен көктемі өте қиын өтеді. Қатты аяздар, түтеген борандар болады. Халықтың әлеуметтік жағдайы дұрысталу үшін біраз міндеттер атқарылуы керек. Қымбатшылық аспанға ұшады. Табиғи апаттар болады. Қазіргі солтүстіктегі 47 градустық аяздардың өзінен биелер құлын тастап жатыр. Десек те, елдің тыныштығы дұрыс болады.

Қаңтардың басында он күнге созылатын қатты аяздар күтілуде. Ақпанның басында ғана төрт-бес күндей күн жылынады. Ал ақпанның 15-17-сінде, содан кейін наурыздың басында бір табиғи апаттар болады. Өрт секілді құбылыстар 21-22 наурызда болып қалу қаупі бар. Мамырға дейін күн жылына қоймайды. Бұл құбылыстардың бәрі халыққа, малға өте жайсыздық әкеледі. Осы бір жылдың ішінде екі рет Күн тұтылады, үш рет Ай тұтылады. Табиғат қазір бір суып, бір ысып тұрса, сәлден соң басқа құбылысқа ауысады. Бәріміз соған дайындалуымыз керек.

Бақытжан АҚЖІГІТОВ, көріпкел, емші:

– 2013 жыл Қазақстан халқы үшін өте жақсы жыл болады. "Табиғатта анадай болады", "саясатта мынадай болады" деп қорқуға негіз жоқ. Табиғат – тосын құбылыс. Ол ешуақытта адам баласына бағынбайды. Бәрі бір Алланың қолында. Сондықтан, жаманшылық болмайды, заманымыз тыныш болады дер едім. Барлық нәрсе өз уақытымен.

"Адамға сенген мұрттай ұшады, Аллаға сенген құстай ұшады" деген қанатты сөз бар. Аллам айтқан: "Егер мен шын қаһарлансам, бәріңді бір тарының қауызына сыйғызамын" деп. Сондықтан біз бәрін бір Алладан ғана күтуіміз керек. Адам тек жақсылықтан үміттенуі тиіс.

Гүлхан СӘРСЕНОВА, құмалақшы:

– Аса бір жамандықтар бола қояды демеймін. Тыныш, жақсы жыл болады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болады. Тамыз айларында халықтық мәселелерде бір өзгерістер болатын сияқты. Халыққа арналған бір үлкен өндіріс орындары ашылатын сияқты. Соның қарапайым көпке көмегі көп болады. Табиғатқа байланысты жайсыз жағдайлар байқалмайды. Қазақтың өзінің кеңдігіне, жайма-шуақтық ниетіне Құдайдың өзі қарайласатын секілді.

Әлдеқандай табиғи құбылыстар бола қалған кездің өзінде жеңіл өтеді. Өсім мен шығын жағынан аздаған қиындықтар болады. Демографиялық ахуалда асқан өзгеріс бола қоймайды. Сақтанып жүрмесе, жол апаттары жиілеуі мүмкін. Адам Аллаға көбірек сыйынып, ниетін түзесе, барлық қиындықты өткеруге болады. Рухани-мәдени салада таланттарға мол мүмкіндік туады. Әлемдік сахналарда, әлем халқына біраз таланттарымыз танылады.

nur.kz

Бөлісу: