Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?
Халықаралық кино күні - бұл кинематографистер мен өнердің бұл түрін ұнататын жұртшылықтың мерекесі.
1895 жылдың 28 желтоқсанында Парижде Капуцинок бульварындағы «Гранд-кафеде» ағайынды Люмьерлердің синематографтың алғашқы сеансы өтті. Нақты осы дата Халықаралық кино күнін мерекелеуге негіз салды. Осыдан сәл ертерек, 1895 жылы француздар Огюст пен Луи Люмьелер өздері ойлап тапқан «Синематограф» аппаратына патент алды.
1895 жылдың 22 наурызында ағайындылар Парижде тарихтағы алғашқы киносеансты ұйымдастырды. Олар жекелеген достарына ғана «Жұмысшылардың Люмьер зауытынан шығуы» қысқа лентасын көрсетті.
Бірақ киноның туған күні ретінде 1895 жылдың 28 желтоқсаны саналады. Атап өтілгендей, бұл күні Капуцинок бульварындағы дәмханада Люмьерлер көпшілік қауымға әлемдегі тұңғыш қысқа метражды «Пойыздың Ла Сьота вокзалына тоқтауы» фильмін ұсынды. Бұл кинематография тарихындағы ақшаға көрсетілген алғашқы картина болды.
BAQ.kz
Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд