Арабтар қыран құстарын қазақ даласында баптауда

27 Желтоқсан 2012, 11:30

Аңды қыран құспен аулау үшін шекара жоқ. Біріккен Араб Әмірліктеріндегі құсбегілер қанаттыларын Казақстан мен Пәкістанның жазық даласында аңшылыққа үйретеді. Себебі, Араб елінде жаздың ыстық күнінде құстарды үйрету қиынға түседі. Сондықтан қыранды желдеткіші бар арнайы бөлмелерде ұстауға тура келеді. Жалпы бұл мемлекет үшін де  қыран құсы біздегідей қасиетті болып саналады. Саятшылық тек қызық үшін, уақыт өткізу үшін емес. Ол үлкен өнер. Сонымен қатар, өнердің бұл түрі  құсбегілерге жақсы табыс әкеледі. Тіпті, 1983 жылы Дубайда құсқа арнайы медициналық орталық та ашылған. Бұл орталық адамдарға арналған медициналық мекемлерден кем түспейді. 24.kz

Аңды қыран құспен аулау үшін шекара жоқ. Біріккен Араб Әмірліктеріндегі құсбегілер қанаттыларын Казақстан мен Пәкістанның жазық даласында аңшылыққа үйретеді. Себебі, Араб елінде жаздың ыстық күнінде құстарды үйрету қиынға түседі. Сондықтан қыранды желдеткіші бар арнайы бөлмелерде ұстауға тура келеді. Жалпы бұл мемлекет үшін де  қыран құсы біздегідей қасиетті болып саналады. Саятшылық тек қызық үшін, уақыт өткізу үшін емес. Ол үлкен өнер.

Сонымен қатар, өнердің бұл түрі  құсбегілерге жақсы табыс әкеледі. Тіпті, 1983 жылы Дубайда құсқа арнайы медициналық орталық та ашылған. Бұл орталық адамдарға арналған медициналық мекемлерден кем түспейді.

24.kz

Бөлісу: