29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБүгін Астана қаласы әкімдігінде Жастар істер саясаты басқармасының бастығы Талғат Рахманберді қаладағы ЖОО мен кәсіптік білім ордаларының тәрбие ісі жөніндегі өкілдерімен кездесті. Кездесу күні кеше ғана Шымкент қаласы маңында әскери-көлік ұшағының апаты салдарынан шейіт болғандарды бір минут еске алумен басталды.
Ал, басқосудың басты мақсаты – Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» стратегиясы» Қалыптасқан мемлекетің жаңа саяси бағыты» Жолдауын талқылап, ондағы жастарға қатысты түйткілді мәселелердің түйінін шешу мен жұмыла жұмыс істеудің оңтайлы жақтарын қарастыру еді. Сондай-ақ, аталған жиында 2013-2014 оқу жылына арналған жұмыс жоспары талқыланып, жиналғандар өз ұсыныстарын айтты, өзара пікір алмасты. Сонымен, алдағы уақытта әр білім мекемесінде жастар ісі жөніндегі комитет құрылып, өзекті мәселелер Жастар саясаты басқармасымен бірге шешілетін болды. Айта кету керек, атқарылатын жұмыстарға арнайы 10 млн.теңге көлемінде қаражат та бөлінген.
Астана қаласының ресми сайты astana.kz
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек