Көкшетаулық 112 жасар кейуанаға пәтер беріледі

27 Желтоқсан 2012, 10:08

Көкшетау қаласының тұрғыны, 112 жасар кейуанаға әкімшілік тарапынан бір бөлмелі пәтер берілетін болды. Бұл туралы Bnews.kz тілшісі қалалық мәслихаттың депутаты Әлібек Баймағамбетовке сілтеме жасап хабарлайды. «Осыдан бір ай бұрын қарт ананың туғандары баспана кезегіне тұруға өтініш берген. Алдағы жылдың 1 қаңтарында қария 112 жасқа толады. Тұрғын үй комиссиясы бұл мәселені қарастырып, облыс әкімі Қайрат Қожамжаров пен қала әкіміне депутаттық сауал жолдадық. Енді міне «Юбилейный» шағын ауданынан бір бөлмелі пәтер берілетін болды», деді Әлібек Баймағамбетов. Қазіргі уақытты Қазина Ысмайылова жеке баспана тұрып жатыр. Жақында жалғыз ұлынан айырылған ананың көзі де нашар көреді. BNews.kz

Көкшетау қаласының тұрғыны, 112 жасар кейуанаға әкімшілік тарапынан бір бөлмелі пәтер берілетін болды. Бұл туралы Bnews.kz тілшісі қалалық мәслихаттың депутаты Әлібек Баймағамбетовке сілтеме жасап хабарлайды.

«Осыдан бір ай бұрын қарт ананың туғандары баспана кезегіне тұруға өтініш берген. Алдағы жылдың 1 қаңтарында қария 112 жасқа толады. Тұрғын үй комиссиясы бұл мәселені қарастырып, облыс әкімі Қайрат Қожамжаров пен қала әкіміне депутаттық сауал жолдадық. Енді міне «Юбилейный» шағын ауданынан бір бөлмелі пәтер берілетін болды», деді Әлібек Баймағамбетов.

Қазіргі уақытты Қазина Ысмайылова жеке баспана тұрып жатыр. Жақында жалғыз ұлынан айырылған ананың көзі де нашар көреді.

BNews.kz

Бөлісу: