27 Желтоқсан 2012, 08:59
Португалиялық Криштиану Роналду «Реал» командасымен келісім шартын ұзартудан бас тартты деп хабарлайды испаниялық AS басылымы. Роналдудың «Реалмен» келісім 2015 жылға дейін. Және ол шарт соңына дейін ойнап, командадан кетуді қалайды. Демек, Криштиану мадридтік клуб сапында 2014 жылдың соңына дейін ойнайды деген сөз. Ал жалпы, «Реал» Роналдумен келісім шартты 2018 жылға дейін созып, жалақасын 10 миллионнан 15 миллион еуроға көтеруге дайын.
Және команда президенті Перес бұл ұсынысты жыл соңында Роналдуға қайта ұсынып көретінін айтты. Егер футболшы «Реалдан» кетсе, «ПСЖ» және «МЮ» командалары оны өз қатарына қабылдауға дайын.
alaman.kz