26 Желтоқсан 2012, 12:08
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Нұр Отан» ХДП елордалық «Бірлік» филиалының партиялық активі үшін семинар өткізілді, деп хабарлады astana.kz сайты.
Мемлекеттік басқару академиясынан хабарлағанындай, іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі тарауларын талқылауға арналды. Семинар жұмысына Астана қаласының түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдарының өкілдері болып табылатын 50-ге тарта нұротандық қатысты.
Аталған семинар ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы басшылығының бастамасымен «Нұр Отан» ХДП елордалық «Бірлік» филиалы партиялық активі мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында өткізілді.
BNews.kz