Елбасы Жолдауындағы отансүйгіштік мәселесі – еліміздің гүлденуінің кепілі – сарапшы пікі

26 Желтоқсан 2012, 09:49

Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы, этно-мәдени орталықтар өкілдерінің қатысуымен өткен алқалы отырыста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы талқыланды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.   «Біз – карелл-фин халқының «Суоми» орталығының өкілдері Елбасының биылғы Қазақстан халқына Жолдауын ұйып тыңдадық. Өз басым «Жаңа қазақстандық патриотизм - көпұлтты, көп конфессиялы Қазақстанның өркендеуінің негізі» деген жолдарға көбірек тоқталғым келеді. Біздің қоғамымызда қазір рухани құлдырау басым боп тұр. Ол жеке тұлғаларда да, жалпы қоғамда да байқалады. Өйткені, бізде отансүйгіштік қасиет қоғамдық құндылық ретінде бәсеңдеп барады. Өскелең ұрпақ төл мәдениетінен, қоғамдық-мәдени ұстанымдарынан ажырап жатқаны рас. Отансүйгіштік – еліңе, еліңнің тарихына, мәдениетіне деген махаббатты білдіреді. Егер, қоғамда ондай түсінік болмаса, қоғамның дамуы да мүмкін емес. Отансүйгіштік – еліміздің гүлденуінің кепілі», - деді Корело-фин этно-мәдени орталығы төрағасы Александр Смирнов. Оның мәлімдеуінше, Елбасы Жолдауының «Жаңа әлеуметтік саясаттың принциптері – әлеуметтік кепілдендіру мен жеке жауапкершілік» атты бөлімінде айтылған мәселелер әлеуметтік саладағы қордаланған пролемаларды шешуге мүмкіндік бермек. Елбасының жаңа стратегиясы еліміздегі денсаулық сақтау, халықты жұмыспен қамту, ана мен бала өмірін жақсарту жолында көптеген жаңа мехнизмдер мен жолдарын көрсетіп отыр. «Елбасы Жолдауы Қазақстандағы өзекті мәселелерді шешу тәсілін тиімді ұсынып отыр. Биылғы Жолдау еліміздегі мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өмірінде үлкен саяси оқиға болып отырғаны айқын. Өйткені, онда бірінші кезекте халықтың мұқтаж мәселелері көрініс тапты. Елбасының Жолдауы біздің алдымызға қойған мақсатымызға оңай жететінімзге сенім ұялатып отыр. Біздің «Суоми» орталығының өкілдері Елбасының Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыруға барынша атсалысады», - деді А.Смирнов.

Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы, этно-мәдени орталықтар өкілдерінің қатысуымен өткен алқалы отырыста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы талқыланды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  

«Біз – карелл-фин халқының «Суоми» орталығының өкілдері Елбасының биылғы Қазақстан халқына Жолдауын ұйып тыңдадық. Өз басым «Жаңа қазақстандық патриотизм - көпұлтты, көп конфессиялы Қазақстанның өркендеуінің негізі» деген жолдарға көбірек тоқталғым келеді. Біздің қоғамымызда қазір рухани құлдырау басым боп тұр. Ол жеке тұлғаларда да, жалпы қоғамда да байқалады. Өйткені, бізде отансүйгіштік қасиет қоғамдық құндылық ретінде бәсеңдеп барады. Өскелең ұрпақ төл мәдениетінен, қоғамдық-мәдени ұстанымдарынан ажырап жатқаны рас. Отансүйгіштік – еліңе, еліңнің тарихына, мәдениетіне деген махаббатты білдіреді. Егер, қоғамда ондай түсінік болмаса, қоғамның дамуы да мүмкін емес. Отансүйгіштік – еліміздің гүлденуінің кепілі», - деді Корело-фин этно-мәдени орталығы төрағасы Александр Смирнов.

Оның мәлімдеуінше, Елбасы Жолдауының «Жаңа әлеуметтік саясаттың принциптері – әлеуметтік кепілдендіру мен жеке жауапкершілік» атты бөлімінде айтылған мәселелер әлеуметтік саладағы қордаланған пролемаларды шешуге мүмкіндік бермек. Елбасының жаңа стратегиясы еліміздегі денсаулық сақтау, халықты жұмыспен қамту, ана мен бала өмірін жақсарту жолында көптеген жаңа мехнизмдер мен жолдарын көрсетіп отыр.

«Елбасы Жолдауы Қазақстандағы өзекті мәселелерді шешу тәсілін тиімді ұсынып отыр. Биылғы Жолдау еліміздегі мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өмірінде үлкен саяси оқиға болып отырғаны айқын. Өйткені, онда бірінші кезекте халықтың мұқтаж мәселелері көрініс тапты. Елбасының Жолдауы біздің алдымызға қойған мақсатымызға оңай жететінімзге сенім ұялатып отыр. Біздің «Суоми» орталығының өкілдері Елбасының Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыруға барынша атсалысады», - деді А.Смирнов.

Бөлісу: