29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Жаңа жылда «Қазақстан» ұлттық арнасында «Туған елдің түтіні» атты жаңа отандық телехикаяның тұсаукесері болады. Бұл тарихи драмада Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары тағдыр талқысына түскен азаматтың отаны мен туған ошағына деген іңкәр сезімі баяндалады.
Қоғамдағы алпауыт өзгерістер қарапайым адамдардың тағдыры мен көзқарастарын өзгертеді.
Мемлекет басшысының алдында тұралаған экономиканы аяғынан тік тұрғызып, тәуелсіз ел болу мұраты тұрды. Дәл осы кезеңде Қазақстанның жаңа дипломатиялық мектептері қалыптаса бастады. Мемлекетке кәсіби сауатты, елжанды, адал азаматтар керек болды.
Телехикаяның басты кейіпкері Азамат тәуелсіздік алған жылдары елшілікте қарапайым қызмет атқарды. Мемлекетте болған маңызды тарихи өзгерістер қарапайым адамның жан дүниесі арқылы суреттеледі.
Фильмде бір отбасы мүшелерінің әртүрлі мамандық пен қилы өмір жолын таңдауы баяндалады. Олардың бірі дәрігер, елшілік қызметкері, журналист, іскер азамат болса, енді бірі өмірін ауылын көтеруге арнайды.
«Қазақстан» ұлттық телеарнасында 3 қаңтардан бастап «Туған елдің түтіні» телехикаясын көріңіздер!
BAQ.kz
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек