«ҚазАзот» компаниясының аммиак, азот қышқылы және аммиак селитрасын жаңғырту өндірісі іс

25 Желтоқсан 2012, 11:10

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жалпыұлттық телекөпір барысында Маңғыстау облысында орналасқан «ҚазАзот» компаниясының аммиак, азот қышқылы және аммиак селитрасын жаңғырту өндірісін іске қосты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «ҚазАзот» бізге өте қажет кәсіпорын. Бұған біздің қаншалықты дайындалғанымызды білесіздер. Қазақстан минералдық ресустар қорына ғана емес, жоғары технологиялардың қосымша элементі болып табылатын сирек кездесетін минералдарға да бай», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Жоба құны – 5 млрд 610 млн теңге. Кәсіпорынды жаңғырту арқылы мүсәтір өндірісін 50 пайызға, еңбек өнімділігін 1,5 есеге арттыруға мүмкіндік бар. Болашақта зауыт ішкі нарықты азот тыңайтқышымен толық қамтамасыз етіп, экспорт көлемін ұлғайтады. 270 тұрақты жұмыс орны ашылады.   Диана Құлмағанбетова BNews.kz

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жалпыұлттық телекөпір барысында Маңғыстау облысында орналасқан «ҚазАзот» компаниясының аммиак, азот қышқылы және аммиак селитрасын жаңғырту өндірісін іске қосты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«ҚазАзот» бізге өте қажет кәсіпорын. Бұған біздің қаншалықты дайындалғанымызды білесіздер. Қазақстан минералдық ресустар қорына ғана емес, жоғары технологиялардың қосымша элементі болып табылатын сирек кездесетін минералдарға да бай», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Жоба құны – 5 млрд 610 млн теңге. Кәсіпорынды жаңғырту арқылы мүсәтір өндірісін 50 пайызға, еңбек өнімділігін 1,5 есеге арттыруға мүмкіндік бар. Болашақта зауыт ішкі нарықты азот тыңайтқышымен толық қамтамасыз етіп, экспорт көлемін ұлғайтады.
270 тұрақты жұмыс орны ашылады.

 

Диана Құлмағанбетова

BNews.kz

Бөлісу: