29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБүгін Индустряландыру күніне арналған жалпыұлттық телекөпір барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысындағы «ШығысМашЗауыт» компаниясының вагон құю өндірісін іске қосты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев, Сіздің теміржол саласын дамыту туралы айтқан тапсырмаларыңыз толығымен орындалуда. Бүгін «ШығысМашЗауыт» компаниясының вагон құю өндірісі іске қосылғалы тұр. Жұмыс өнімділігі бір адамға шаққанда 170 мың АҚШ долларына тең болады», - деді Шығыс Қазақстаннан тікелей байланысқа шыққан «Қазақстан темір жолы» компаниясының вице-президенті Ерік Сұлтанов
«ШығысМашЗауыт» бұрыннан келе жатқан зауыт еді. Бірақ кейін тоқыруға түсіп қалды. Қазір жаңадан жанданып, жұмыс істеп жатқанына қуаныштымын», - деді Елбасы аталмыш кәсіпорынның қосылуына рұқсатын бере отырып.
Болат вагон құймалары өндірісі жылына 4 000 вагон жиынтығын шығарады. Нәтижесінде вагон құймалары тапшылығын азайтып, өнім сапасын арттырады. Кәсіпорында 456 жаңа жұмыс орны ашылады.
Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ
BNews.kz
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек