22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБүгін Индустрияландыру картасының пайдалануға берілген инвестициялық жобаларының тұсаукесеріне арналған жалпыұлттық телекөпір барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыру саясаты аясында мемлекеттік қолдау көрсетілген және табысты істеп тұрған кәсіпорындармен танысты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Атап айтсақ, Елбасы тікелей эфирде Кентаудағы трансформатор зауыты, «RG Brands» компаниясының AKSENGIR өндірістік-логистикалық кешені және «Алатау» инновациялық технологиялар паркі басшылығының есептерін тыңдады.
Кентаудағы трансформатор зауыты - қуат үнемдегіш трансформаторлар шығаратын ірі кәсіпорын. Зауыт «Өнімділік - 2020» және «Экспорттаушы» бағдарламалары аясында қайта жаңғырды. Кәсіпорын 12 млрд.теңгенің өнімін өндіреді. Оның 30 пайызы экспортталады. Өндірісте 1200 адам жұмыс істейді.
«RG Brands» компаниясының AKSENGIR өндірістік-логистикалық кешені. Жобаны Қазақстанның даму банкі қаржыландырған. Кәсіпорында еңбек өнімділігі әр адамға шаққанда 450 000 долларды құрайды. Компания сусын өндірісін екі есе, шырын өндірісін үш есе арттырды. 2015-ші жылға қарай тағам өндірісін бастап, қызметкерлер санын 500-ге жеткізеді. «RG Brands» ауыл тұрғындарын қайта даярлауды қолға алды. Жұмысшылардың 70 пайызы жергілікті тұрғындар.
«Алатау» инновациялық технологиялар паркі – қарқынды инновациялық даму орталығы саналады. Кешен аумағында 149 инновациялық компания жұмыс істеуде. Орталықтан түскен салық 2,2 млрд.теңгеге жетті. Өндірістік ғимараттардың барлығында жұмыс қызу жүріп жатыр. 2013 жылы кешен құрылысының екінші кезеңі басталады.
Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев