29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Астана қаласында Тәуелсіздік сарайында «Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз! Жаса Қазақстан!» тақырыбында жалпыұлттық телекөпір өтуде, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Жалпыұлттық телекөпір Үдемелі индустриялық-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасы шеңберінде 2012 жылдың ІІ-ші жарты жылдығындағы Индустрияландыру картасының пайдалануға берілген инвестициялық жобаларының тұсаукесеріне арналған. Аталмыш шара барысында Үкімет жарты жылда атқарған жұмысы туралы есеп береді. Сонымен қатар, телекөпір ҮИИД бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарға арналмақ.
Телекөпір барысында «онлайн» режимінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру картасы аясында қолға алынған «ҚазАзот» компаниясының аммиак, азот қышқылы және аммиак селитрасы жаңғыртылған өндірісін, «ШығысМашЗауыт» компаниясының вагон құю өндірісін, «Қордай-Шу» жоғары қысымды газ құбырын, «Қазақцемент» компаниясының «құрғақ тәсіл» бойынша цемент зауыты сияқты жалпы 10 жаңа жобаны іске қосуға рұқсат береді.
Сонымен қатар, телекөпір уақытында өз өндірісін жаңғыртқан немесе кеңейткен, экспортқа шыққан, инновация енгізген және еңбек өнімділігін арттырған, ҮИИДБ шеңберінде мемлекеттік қолдау алған, бұрын пайдалануға берілген және табысты жұмыс істейтін 3 кәсіпорынның қызметкерлері Президентпен тікелей эфирге шығады.
Диана Құлмағанбетова
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек