Елбасы "онлайн" режимінде 10 жобаны іске қосады

25 Желтоқсан 2012, 10:09

2010 жылдан бастап елімізде Үдемелі индустриялық инновациялық даму бағдарламасын (ҮИИР) жүргізіліп келеді. Осыған орай Үкімет жылына екі рет, әр жарты жыл сайын аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру барысы жайында есеп беру телекөпірін ұйымдастырып отырады. Бүгінгі Жалпы ұлттық телекөпірде салтанатты жағдайда онлайн режимінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың екінші жартысында жүзеге асқан Индустрияландыру картасының 10 жаңа жобаларын іске қосады. Жаңадан тұсауы кесілетін ол жобалардың тізімі төмендегідей: 1. «ҚазАзот» компаниясының аммиактың, азот қышқылының және аммиак селитрасының жаңартылған өндірісі (Маңғыстау облысы) 2. Теміртау қаласындағы «Линде Газ» өнеркәсіптік газдардың өндірісі бойынша кешен (Қарағанды облысы) 3. «Сареко» ЖШС-нің (ҚазАтом өнеркәсібі және Sumitomo Atom БК)сирек кездесетін металл концентраттарының өндірісі (Ақмола обл) 4. «ШығысМашЗауыт» компаниясының вагон құю өндірісі (ШҚО) 5. Маневрлік тепловоздар өндірісі (Шу қаласы) 6. «Мұнаймаш» мұнай өнеркәсібіне арналған бұйымдардың жаңғыртылған өндірісі (СҚО) 7. «Қазақцемент» компаниясының «құрғақ тәсіл» бойынша цемент зауыты (ШҚО) 8. «Зенченко және К» командиттік серіктестігінің жел энергетикалық қондырғысы (СҚО) 9. ОҚО Жетісай ауданындағы мақта қозасының сабағынан СЖП шығару жөніндегі кәсіпорын (ОҚО) 10. «Қордай Шу» жоғары қысымды газ құбыры (Жамбыл облысы) BAQ.KZ

2010 жылдан бастап елімізде Үдемелі индустриялық инновациялық даму бағдарламасын (ҮИИР) жүргізіліп келеді. Осыған орай Үкімет жылына екі рет, әр жарты жыл сайын аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру барысы жайында есеп беру телекөпірін ұйымдастырып отырады.
Бүгінгі Жалпы ұлттық телекөпірде салтанатты жағдайда онлайн режимінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың екінші жартысында жүзеге асқан Индустрияландыру картасының 10 жаңа жобаларын іске қосады.
Жаңадан тұсауы кесілетін ол жобалардың тізімі төмендегідей:
1. «ҚазАзот» компаниясының аммиактың, азот қышқылының және аммиак селитрасының жаңартылған өндірісі (Маңғыстау облысы)
2. Теміртау қаласындағы «Линде Газ» өнеркәсіптік газдардың өндірісі бойынша кешен (Қарағанды облысы)
3. «Сареко» ЖШС-нің (ҚазАтом өнеркәсібі және Sumitomo Atom БК)сирек кездесетін металл концентраттарының өндірісі (Ақмола обл)
4. «ШығысМашЗауыт» компаниясының вагон құю өндірісі (ШҚО)
5. Маневрлік тепловоздар өндірісі (Шу қаласы)
6. «Мұнаймаш» мұнай өнеркәсібіне арналған бұйымдардың жаңғыртылған өндірісі (СҚО)
7. «Қазақцемент» компаниясының «құрғақ тәсіл» бойынша цемент зауыты (ШҚО)
8. «Зенченко және К» командиттік серіктестігінің жел энергетикалық қондырғысы (СҚО)
9. ОҚО Жетісай ауданындағы мақта қозасының сабағынан СЖП шығару жөніндегі кәсіпорын (ОҚО)
10. «Қордай Шу» жоғары қысымды газ құбыры (Жамбыл облысы)

BAQ.KZ

Бөлісу: