29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Астанада ҚР Президентінің қатысуымен өтіп жатқан телекөпір барысында «Парыз» сыйлығының лауреттары анықталуда. «Азия Авто» (Шыңыс Қазақстан облысы) АҚ-ы «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясы бойынша бірінші деңгейлі сыйлыққа ие болды.
Дәл осы номинацияның екінші деңгейлі сыйлығы Астананың «Алтын Ордасына», үшінші деңгейлісі «Энеджи Тараз» ЖШС-на бұйырып отыр.
Ал, ең үздік сауда тауарлары номинациясы бойынша «Ордабасы құс» ЖШС-і (ОҚО) бірінші деңгейлі, нан өнімдерін шығаратын Желаев комбинаты (ШҚО) екінші деңгейлі және «Абзал и К» (Қызылорда облысы) үшінші деңгейлі марапатқа ие болды.
Ең үздік өндіріс тауары номинациясы аясында «Келет» ЖШС-і үздік деп танылды. Ал, Тараз қаласының «Казфосфат» кәсіпорны екінші деңгейлі сыйға ие. «Кировский» зауыты АҚ-ы ең үздік әлеуметтік жауапкершілікті кәсіпорын номинациясын жеңіп алды. «Ең үздік ұжымдық келісім» номинациясының екінші деңгейлі сыйлығы Алматы облысының «Бахус» кәсіпорнына бұйырып отыр.
BAQ.KZ
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек