29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Бүгін Астанада «Қазақстанның үздік тауары - 2012» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
«Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсының негізгі мақсаты өнім сапасын жақсартуға бағытталған отандық кәсіпорындар мен ұйымдар қызметінің белсенділігін арттыру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен қамтуға көмектесу және сапа идеясын насихаттау болып табылады.
Конкурс-көрмеге 135 кәсіпорын мен жеке кәсіпкерлер қатысты. Көрме қорытындысы бойынша конкурстық комиссия үш номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады.
«Үздік өндірістік тауар» номинациясында І дәрежелі дипломант Маңғыстау облысының «ҚазАзот» ЖШС, ал «Үздік азық-түлік тауары» номинациясында І дәрежелі дипломант Оңтүстік Қазақстан облысының «Ордабасы Құс» ЖШС атанса, «Халық тұтынатын үздік тауар» номинациясында І дәрежелі дипломант Шығыс Қазақстан облсының «АзияАвто» ЖШС иеленді.
Қатысушылар үстіміздегі жылы тамыз-қыркүйек айларында әр облыста және Астана мен Алматы қалаларында өткен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурс жеңімпаздары болып табылады.
Диана Құлмағанбетова
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек