«Үздік ұжымдық шарт» номинациясының жеңімпазы анықталды

25 Желтоқсан 2012, 09:46

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсынының «Үздік ұжымдық шарт» номинациясының жеңімпазы болып Павлодар облысындағы «Ақсу-ФармЦентр» ЖШС анықталды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі. ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметов салтанатты түрде жеңімпаз жүлдесін табыс етті. Ал ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ербол Орынбаев пен еліміздің Денсаулық сақтау министрі осы номинация бойынша күміс жүлдеге ие болған «Диевская» агрофирмасы» ЖШС мен қола жүлдегер Алматы облысынан келген «Интеграл ТК» ЖШС марапаттады. 2012 жылы «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша 141 кәсіпорын өтінім берді. Бұл лайықты еңбекке қол жеткізудің негізгі жолы болып табылады. Ол жалақыға, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға, оның ішінде адамдардың экологиялық қауіпсіздігіне, мамандарды кәсіптік даярлау және біліктілігін арттыруға қатысты. Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсынының «Үздік ұжымдық шарт» номинациясының жеңімпазы болып Павлодар облысындағы «Ақсу-ФармЦентр» ЖШС анықталды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметов салтанатты түрде жеңімпаз жүлдесін табыс етті.

Ал ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ербол Орынбаев пен еліміздің Денсаулық сақтау министрі осы номинация бойынша күміс жүлдеге ие болған «Диевская» агрофирмасы» ЖШС мен қола жүлдегер Алматы облысынан келген «Интеграл ТК» ЖШС марапаттады.

2012 жылы «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша 141 кәсіпорын өтінім берді. Бұл лайықты еңбекке қол жеткізудің негізгі жолы болып табылады. Ол жалақыға, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға, оның ішінде адамдардың экологиялық қауіпсіздігіне, мамандарды кәсіптік даярлау және біліктілігін арттыруға қатысты.

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ

Бөлісу: