Серік Ахметов «Жылдың үздік әлеуметтік жобасының» жеңімпазын марапаттады

25 Желтоқсан 2012, 09:31

Астанада ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсындағы «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» атты аталым жеңімпазы «Шығысауылөнімдері» ЖШС-ын марапаттады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  Аталмыш жауапкершілігі шектеулі серіктестік өңірдің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бір жыл ішінде 71 млн теңгеден астам қаражат жұмсаған. «Үздік әлеуметтік жоба» аталымы өңірлер мен елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамытуға ықпал етеді. Білім беру, емдеу және спорт нысандары салынып, ауылдардың инфрақұрылымы дамытылуда. Бұл әлеуметтік салада көрсетілетін қызметтер тізбесінің кеңеюіне әкеледі. Сайып келгенде, осының барлығы халықтың өмір сүру деңгейінің жақсаруына тікелей әсер етеді. Жалпы республика өңірлері бойынша «Парыз» конкурсының «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясына 82 әлеуметтік жоба ұсынылған. Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ

Астанада ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсындағы «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» атты аталым жеңімпазы «Шығысауылөнімдері» ЖШС-ын марапаттады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Аталмыш жауапкершілігі шектеулі серіктестік өңірдің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бір жыл ішінде 71 млн теңгеден астам қаражат жұмсаған.

«Үздік әлеуметтік жоба» аталымы өңірлер мен елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамытуға ықпал етеді. Білім беру, емдеу және спорт нысандары салынып, ауылдардың инфрақұрылымы дамытылуда. Бұл әлеуметтік салада көрсетілетін қызметтер тізбесінің кеңеюіне әкеледі. Сайып келгенде, осының барлығы халықтың өмір сүру деңгейінің жақсаруына тікелей әсер етеді. Жалпы республика өңірлері бойынша «Парыз» конкурсының «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясына 82 әлеуметтік жоба ұсынылған.

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ

Бөлісу: