29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат тапсырғандардың басым көпшілігі Ұлыбританияда оқуды қалаған, одан кейінгі орында АҚШ тұр. Бұл туралы кеше Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен өткен Шетелде мамандар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында мәлім болды, деп хабарлайды KazBIN.
«Отырыста 704 «Болашақ» стипендиясын беру туралы шешім қабылданды. 315 адам - магистратураға, екеуі - докторантураға және 384-і тағлымдамадан өтуге жіберілді. Биыл барлығы 1186 адам халықаралық президенттік стипендияның иегері атанды.
Құжат тапсырғандардың ішінде басым көпшілігі - 159 адам Ұлыбританияда оқуды қалаған, одан кейінгі орындарда – АҚШ (91), Ресей (34), Германия (9). Қалған стипендиаттар Франция, Италия, Австралия, Қытай, Нидерланды, Норвегия, Чехия, Канада, Словакия, Австрия, Швейцария тәрізді елдерді таңдаған» делінген Президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
BAQ.kz
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек