29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы ел жастарына үлкен жауапкершілік жүктейді. «Жас Ұлан» республикалық ұйымы балалар мен жасөспірімдер ұйымының СҚО филиалының атқарушы хатшысы, «Жас Отан» мүшесі Рүстем Есенбергенов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді.
«Бұған дейінгі Жолдауларда жастарға тек қана көмек көрсету жайы ғана айтылатын болса, бұл жолғы құжатта нақты механизмдер анықталыпты. Сондықтан Президент алға қойып отырған міндеттер ел жастарына үлкен жауапкершілік жүктейді. Біз өзіміздің жарқын болашағымыз үшін бар күш-жігерімізді салып, құжаттағы міндеттерді жүзеге асыруға атсалысуымыз қажет. Жолдау шыққаннан кейін, облыс жастары 2050 жылға дейінгі стратегияны талқылап, оны орындау жолдарын қарастырдық», - деді Р.Есенбергенов.
Оның айтуынша, бүгінгі күні облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда біршама жұмыс атқарылыпты. Бірақ алда одан да үлкен мақсат-міндеттер тұр.
«Өңірде 80-нен астам жастар ұйымы бар. Олар жүйелі жұмыс жасап жатыр. Бірқатар бағдарламалар сәтті іске асырылуда. Жастарды жұмыспен қамту жағына үлкен көңіл бөлінеді. Облыс әкімінің бастамасымен биыл студенттік биржа құрылған еді. Жыл басынан 2 мыңнан астам жас еңбегінің жемісін көрді. Мұндай шаралар жастарды еңбекке баулып, масылдыққа жол бермейді деп ойлаймын», - деп атап өтті жасотандық.
Айымгүл Әбілева
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек